17 мам, 2021 сағат 14:02

Созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салдыруға бола ма?


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали онлайн брифингте созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салуға болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спикердің айтуынша, вакцина салуға қатысты қарсы көрсетілімдер көп емес. 

«Созылмалы ауруы бар адамдар көп, алайда оларға вакцина салуға болмайды деген сөз емес. Егер ауру асқынып тұрмаса екпе егуге әбден болады. Тіпті аутоиммунды аурулармен ауыратындарға да вакцина салуға болады. Тек мұның барлығын дұрыс жеткізіп, дұрыс түсіндіріп, дұрыс ақпарат беру керек», - деді Лаура Мырзағали.

Сонымен қатар, ол егу пунктерінде вакцинаның үш түрі бар екенін атап өтті. Тұрғындар өздері қалаған екпені салдырта алады. Атап айтсақ, қазақстандық «QazVac», қытайдың «Sinopharm» және ресейлік «Спутник-V».