01 қар, 2017 сағат 13:55

Сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершілктен босату өтінішін қабылдамады

Биыл 7 қараша Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен істің өзге де 22 фигурантына қатысты басты сот отырысы өтеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Сот отырысы кезінде судья 23 фигурант адвокаттарының оқыған өтініштерінің көбін қанағаттандырмай тастады. Мұның алдында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары бұрынғы министрге қатысты айыптардың негізсіз деп, оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған. 

Адвокаттар Мусин мен Рахманов айыпталушы Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтату өтінішін оқыды. Сот бұл мәселені талқылауға салды: бұл кезеңде дәлелдер бағаланбайды және зерттелмейді. Тек сот отырысында судья куәгер, айыпталушы, зардап шегуші тарап пен мамандарды тыңдап, заттық дәлелдерді қарау керек. Осыған байланысты өтінішті бұл кезеңде қанағаттандыру мүмкін емес", - дейді судья Әділхан Шайхисламов. 

Сонымен қатар, судья істің өзге де фигуранттарының қорғаушылары сұраған бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырмады.