29 нау, 2020 сағат 09:00

Солтүстік Корея Жапонияға қарай екі зымыран ұшырды

Жексенбі күні Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай жақын қашықтықтаы екі баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Жапония қорғаныс министрлігі екі снарядтың шығыс жағалауынан солтүстік-шығыс бағытта сағат таңғы 6:10-да ұшырылып, теңізге құламас бұрын, Жапонияның жағалаудағы экономикалық аймағының сыртындағы нүктесінде 250 метрдей жерде ұшқанын мәлім етті. 

Осы ай басталғалы Солтүстік Корея АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің баллистикалық зымырандар технологиясы қолданылатын кез келген ұшыруға тыйым салғанына қарамастан, снарядтарын кезекті рет ұшырды. 

Жапония үкіметінің хабарлауынша, 2 және 9 наурызда Солтүстік Корея шығыс аудандарынан ұшырылған снарядтар - шағын қашықтықтағы баллистикалық зымырандар. Сонымен бірге, 21 наурызда Солтүстік Корея батыс ауданынан екі баллистикалық зымыран ұшырған. 

«Біз Солтүстік Кореяның әлемдік қауымдастыққа неге қарсы шығып жатқанын мұқият талдаймыз», - деп мәлімдеді жексенбі күні таңертең Жапонияның Қорғаныс министрі Таро Коно.