Солтүстік Корея сенбі күні Оңтүстік Корея аумағындағы Шығыс теңізіне қарай екі снаряд ұшырды. Алдын ала мәлімет бойынша, жақын дәлдікке арналған баллистикалық ракеталар пайдаланылған. Бұл туралы Yonhap агенттігі Оңтүстік Кореяның Штабтар бастығы бірлескен комитетіне (JCS) сілтеме жасап хабарлады.
Атап өтілгендей, бұл мұндай сериядағы ракеталардың осы айдағы екінші ұшырылымы.
Зымырандар 410 шақырым ұзақтыққа және 50 шақырым биіктікке ұшқан.
«Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың барлау органдары өзге мәліметтерді талдауда. Біздің әскерилер қосымша ұшырылымдар болған жағдайға және шабуылға дайындықты ұстап тұру үшін мәселені бақылауға алды», - делінген JCS мәліметінде.
JCS бүтін әлем коронавирус пандемиясына байланысты қиындыққа ұшыраған қазіргі кезде ұшырылымдардың жасалуын сынға алды. Сондай-ақ мұндай әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға шақырды.
Солтүстік Корея зымырандар сынағын биыл үшінші рет өткізіп отыр. Соңғы ұшырылым 9 наурызда жасалған болатын.