Фото: Global Look Press/dpa/Bernd Thissen
Ресей әскері Украина аумағына басып кіргелі шамамен 12 млн азамат үйлерін тастап кеткен. Бұл туралы Украина жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец мәлімдеді.
4,9 миллионы Украинаның қауіпсіздеу аймақтарына шоғырланған, ал 7 миллионы елден кеткен.
Лубинецтің айтуынша, Украинаның соғыс жүріп жатқан аудандарында және Ресей басып алған аумақтарда 13 млн азамат қалған.
Ресей Украинаға 2022 жылы 24 ақпанда басып кірген. БҰҰ мәліметінше, әскери қимылдардың салдарынан 6702 бейбіт азамат қаза болған, оның 424-і – бала. Ұйым өкілдері мәлімет әлі толығуы мүмкін екенін айтады.
Украина билігі ондаған мың Ресей әскери қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған, Киев оларды бейбіт азаматтарға қарсы қылмыс жасады деп айыптайды. Ал Ресей тарапы бейбіт азаматтардың өліміне қатысы барын мойындамайды.