ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавлдағы "Народный совет трудящихся" ұйымының мәлімдемелерінен кейін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
"Бұл ақпаратты алған бойда ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі - "Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Олардың тұрғылықты жерінде де, жұмыс орнында да тінту жұмыстары жүргізілді. Тәркіленген видеоға, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі сюжетке сәйкес дереу сараптама тағайындалды", - деді Өмірәлиев.
Бас прокурордың айтуынша, іс бойынша 18 адам жауапқа тартылып жатыр, олардың іс-әрекеттері сараптамадан кейін бағаланады.
"Сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушының әрекетінің біліктілігі бойынша қорытынды шығаруға және бұлтартпау шарасын таңдауға болады", - деді ол.