Фото: Baq.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Тексеру барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы Қазақстан аумағында болмаған шетелдіктердің атына 720 ЖСН рәсімдегені белгілі болды. Бұл әрекеттер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заң талаптарына қайшы.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, заңсыз берілген ЖСН-дердің күші жойылып жатыр.
Сонымен қатар, 3 шілдеде Петропавл қаласы мен М.Жұмабаев аудандық полиция органдары ҚК 206-бабы 2-бөлігі («Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Оның барысы облыс прокуратурасының бақылауында.
