#
#
Жексенбі 11/04/2021

СҚО-да ауылдардан 100 мың текше метр қар шығарылды

  • 06.03.2021
  • 0
  • 704

Солтүстік Қазақстан облысында «Көктем 2021» республикалық командалық-штабтық жаттығуы барысында көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Көктем 2021» командалық жаттығуы практикалық іс-шараларды өткізуге барынша бағдарланған. Екі тәулік ішінде көктемгі су тасқыны қаупі бар жерлерде қажетті алдын алу жұмыстары атқарылды. 

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері адамдарды шартты түрде су басқан тұрғын үйлерден эвакуациялау және оларды жылыту, ауыл шаруашылығы жануарларын айдап шығарып, арнайы орындарға орналастыру, су тасқыны салдарынан зардап шеккен электр желілеріндегі аварияны жою бойынша операцияларды пысықтады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде екі тәуліктің ішінде су басу қаупі жоғары елдімекендерден 100 мың текше метрден астам қар шығарылды, халықтың әлеуметтік осал тобы - 93 отбасына үй маңындағы учаскелері қардан тазартылды. 48 арық, 23 канал, 45 су өткізу құрылысы дайындалды. Қолданыстағы бөгеттердің 700 метріне жөндеу жүргізілді, 1,5 км нығайтылды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар