06 қаз, 2022 сағат 14:14

Скляр Президент бұйрығына қатысты пікір білдірді


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысын дамыту жөніндегі тапсырмасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы Павлодар облысын дамытуға қатысты берген тапсырмаларының орындалуын жеке бақылайды", - деп жауап берді вице-премьер.

Сонымен қатар, Роман Скляр өңірді дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті.

"Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы өткен жылы 4 қарашада, Екібастұз қаласында моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткенде, Екібастұз өңірін дамытудың кешенді жоспарын қабылдаған болатын. Онда Екібастұз өңірін дамыту туралы айтылды.

Мемлекет басшысының Павлодар облысына сапары барысындағы басты тапсырмалары, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым мәселесі, көлік инфрақұрылымы мәселесі, Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы және т.б. Олар үкімет тарапынан бақылауға алынып, оларға қатысты жан-жақты шаралар қабылданатын болады", - деп түсіндірді ол.