«СҚ Фармация» ісіне күдіктінің кесірінен дәрігерлер коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2-департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«СҚ Фармация» бойынша іс аяқталып, танысуға берілді. Танысу рәсімі аяқталғаннан кейін айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберіледі. Істің мән-жайын толық аша алмаймын. Күдікті біреу ғана. Оның әрекеті салдарынан денсаулық сақтау ұйымдарының қалыпты қызметі бұзылып, дәрігерлер вирус жұқтырды. Келісімшарт сомасы – 8 млрд теңге», - деді Сергей Перов агенттіктің алқа отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.