Сирия солтүстігіндегі Африн қаласында 28 сәуірде бензовозға қойылған бомба жарылып, кемінде 20 адам қаза болды. Бұл туралы Сириядағы қақтығысты бақылайтын топ хабарлады. Жарылыс болған аумақты Түркия қолдайтын ереуілшілер бақылайды.
Ұлыбританияда шоғырланған Сирияның адам құқығын бақылау орталығының хабарлауынша, кемінде 27 адам жарақаттанған. Науқастардың жағдайы ауыр болғандықтан қаза болғандар саны артуы мүмкін.
Түркияның қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыстан 40 адам қаза болған, олардың арасында 11 бала бар. 47 адам жарақаттанған. Министрлік оқиғаға күрдтер басқаратын "Халық қорғанысы жасағын" (YPG) кінәлады. Анкара бұл ұйымды террористік ұйым деп таныған.
Негізінен күрдтер шоғырланған Африн анклавын түрік әскерилері және олармен одақтас ереуілшілер 2018 жылы наурыз айында басып алған. Соңғы бірнеше айда бұл ауданда осыған ұқсас жарылыстар болған. Күрдтер айыпты жоққа шығарып, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасамайтынын айтқан.