05 там, 2019 сағат 12:22

Сириядағы соғыс аяқталды, террористермен күрес жалғасып жатыр – Лаврентьев

Сириядағы соғыс аяқталды, дегенмен елде тыйым салынған ұйымдарға қарсы шектеулі террорға қарсы операциялар жалғасып жатыр. Бұл туралы Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев айтты, деп хабарлайды Sputnik.

"Радикалды лаңкестік топтармен күресті жалғастыру керек деп санаймыз. Біз Сирия үкіметінің Идлибте атысты тоқтату туралы мәлімдемесін құптаймыз", - деп атап өтті Лаврентьев.

Дипломат Сирия үкіметінің аймақтағы тұрақтылықты орнатуға дайындығына тоқтала келе, енді бәрі оппозицияға және қарусызданған аймақ құруды қамтамасыз ету мүмкіндігіне, одан барлық радикалды топты, сондай-ақ ауыр қаруларды шығаруға байланысты болатынын айтты.

Лаврентьев әділеттілік орнайды және Сирия үкіметі бақылайтын аумаққа арандатушылық шабуылдарды тоқтату үшін қалыпты оппозиция осы аймақты өз бақылауына алады деп үміт білдірді.