20 жел, 2017 сағат 11:52

Сирия жөніндегі Астана процесіне қатысушылар елордаға келді

Сириядағы соғыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгер елдерінің делегациялары елордаға келді. Олар 21-22 желтоқсан күндері өтетін келіссөздердің кезекті раундына қатысатын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей делегациясына РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев басшылық жасайды. Ал Түркия тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Ираннан аталған елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари бастаған делегациялар келеді.

Сонымен қатар аталған кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, БҰҰ-ның, бақылаушы елдер АҚШ пен Иорданияның өкілдері де қатысады деп күтілуде.

Айта кетерлігі, 21 желтоқсан күні екіжақты және көпжақты консультациялар өткізу жоспарланған. Ал 22 желтоқсанда жалпы отырыс өткізу көзделген.