22 жел, 2021 сағат 16:42

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа-райына болжам жасады


Қазгидромет синоптиктері қазақстандықтарға 23-25 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазір батыстан антициклон жылжып келеді. Ол елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасын төмендетеді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады деп болжанып отыр", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Оңтүстік облыстарға Өзбекстан аумағынан келген циклон әсер етеді. Ол жаңбыр алып келеді. Осылайша оңтүстікте желтоқсан айы үшін өте жоғары температура сақталмақ.

Айта кетері, бұған дейін солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, ауа температурасы көтерілді.