25 мау, 2019 сағат 13:15

СІМ ұжымы Арыста зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты біркүндік жалақыларын зардап шеккендерге аударады, – деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта осындай қиын сәтте халықтың бірлігі мен қолдауы аса маңызды екені айтылған.

«Бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар үшін аса маңызды. Сыртқы істер министрлігінің ұжымы мен Қазақстандық дипломаттар бірлестігі зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында өздерінің біркүндік жалақыларын аударады» делінген хабарламада.