11 сәу, 2021 сағат 22:12

СІМ Санкт-Петербургте қамалып қалған қазақстандық жеткіншекке қатысты түсінік берді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келіп, қамалып қалған қазақстандық жеткіншекке қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы Қазақстан азаматы Санкт-Петербургке Ыстанбұл қаласы арқылы ұшып келген. Туыстарының сөзіне қарағанда ол Ресейге емделу үшін келген, алайды тиісті құжатты көрсете алмаған. Ресейдің ФҚҚ шекара қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік қызмет ақпараттық порталында бұл азамат туралы мәлімет болмаған. Алайда ҚР Бас консульдығы жеткіншекке барынша көмек көрсетіп, Ресей аумағына жеке тәртіпте кіруге қолғабыс жасады. Ол ешқандай да емделуге бармаған және барлық талаптарды біле тұра бұзып, Санкт-Петербургке ұшып келген», - делінген СІМ таратқан хабарламада. 

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Ресей Федерациясының шекарасынан өту тәртібіне назар аударуды ескертті.