26 нау, 2018 сағат 11:27

СІМ: Ресейдегі өрт құрбандары арасында қазақстандықтар жоқ

"Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда орталығында шыққан өрттен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары бары туралы мәлімет түскен жоқ" деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз бөлімі қызметкері Алмас Бүркітбаев. Ол министрлік консулдық қызметтен қосымша ақпарат күтіп отырғанын айтты.

Қазақстан президенті әкімшілігі 26 наурызда Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кемероводағы сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра қабылдағаны айтылады.

Ресей билігінің мәліметінше, 25 наурызда Зимняя вишня сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 53 адамға жетті. Ондаған адам зардап шегіп, 16 адам із-түзсіз жоғалды делінеді.

СІМ: Ресейдегі өрт құрбандары арасында қазақстандықтар жоқ