Фото: ria.ru
Қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінде білім алып жүрген 23 жастағы қазақстандық студенттің із-түзсіз жоғалып кеткені, сондай-ақ оның "Вагнер" жеке әскери компаниясы құрамында соғысқа жіберілгені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қолда бар деректерге сәйкес, Қазақстан азаматы "Вагнер" жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісім-шартқа отырған. Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі осы азаматтың туыстарының өтініші бойынша Ресейдің құзырлы органдарына тиісті сауалдар жолдаған. Ақпарат тексеріліп жатыр. Консул азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста", - деді Смадияров.