09 ақп, 2018 сағат 14:36

Жантүршігерлік жағдай: Шымкентте қылмыскер анасы мен екі ұлын өлтірген (видео)

Қайғылы оқиға кеше Шымкентке қарасты ауданда орын алған, - деп хабарлайды «TVK» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полиция жергілікті үйлердің бірінен үш адамның денесін тапқан. Олар 1965 жылы туылған әйел мен оның 1995, 2005 жылдары туылған қос ұлы.

Мамандардың айтуынша, қылмыскер отбасының танысы болған. Себебі, алдымен әйелді және үлкен ұлын өлтірген.

Мұны көрген 12 жасар ұлы тығылып қалыпты. Бірақ қылмыскер оны тауып алып, қылқындырып өлтірген.

Ал көршілерінің айтуынша, ешкім қайтыс болған отбасының жамандығын көрмеген.

«Өте қарапайым кісілер болатын. Көріскенде амандығымыз түзу еді. Анасы өте еңбекқор, балаларын асырау үшін күні-түні жұмыс жасайтын. Балалары да ұлдарыммен қатар өсті. Тәрбиелі, оғаш қылығы болмаған», - деді қаза тапқандардың көршісі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қылмысқа қатысты тергеу ісі басталды. Оқиға орнынан саусақ іздері алынып, мүрделер зерттеуге жіберілген.