07 мам, 2021 сағат 08:40

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды (Видео)


Шымкентте әуе шары құлап, электр желісін үзді. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

"6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Жел соғып, салдарынан әуе шары басқарылмай 10 киловатт әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілді. Сондықтан Тұран шағынауданы мен Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз отыр, - делінген Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Қазіргі таңда "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-нің, "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп атыр.

Аталған факт Қаратау аудандық полиция басқармасында арыздарды есепке алу кітабына Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.