Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Абдурахманов жергілікті тіркелген емханасына келіп, коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария - Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемде болып жатқан жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген.
Екпеден алдын Қуаныш қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін екті.
«Ойлана келе өз еркімен ковидке қарсы вакцинаны салдырттым. Осылайша біз вирусты жеңеміз. Көпшілікке айтарым, вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Екпені салдырту қажет деп ойлаймын», - дейді ақсақал.
Айта кетейік, Қуаныш қарияның отбасы мүшелерінің барлығы вакцина салдырған.
Екпенің бірінші компонеттін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компоненттін қабылдауы қажет.
