07 мам, 2021 сағат 09:09

Шымкент қайтадан «қызыл аймаққа» өтті


ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрияцасы жарияланды.

7 мамырдағы мәлімет бойынша:

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. 

«Сары аймақта»: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары орналасқан.

«Жасыл аймақта»: Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

Айта кетейік, кеше «қызыл» аймақтан «сарыға» өткен Шымкент қаласы бүгін қайтадан «қызыл аймаққа» өтті. Ал кеше «қызыл аймақта» болған Жамбыл облысы бүгін бірден «жасыл аймаққа» шықты.