05 ақп, 2020 сағат 15:24

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

«STOP обнал» жедел алдын алу шарасы барысында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға шот-фактура жазумен айналысқан.

«Олар 2018-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының аумағында тоғыз мекеме құрып, заңсыз әрекеттерін іске асырған. Қылмыстық топтың жалпы айналымы 4 миллиард теңгеден асады. Қазір бұл топтың мүшелері қамауға алынды. Құжаттар, мөрлер, чек кітапшалары және 9 миллион теңге тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады департамент мамандары.