09 қыр, 2022 сағат 20:13

Шуда болған жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды


Шуда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

"9 қыркүйек түнгі сағат 01:37 шамасында Шу қаласында жол-көлік оқиғасы болды. Mercedes Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесімен үлкен жылдамдықпен келе жатып, 29 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Golf автокөлігінің артқы жағына соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан өртенген Volkswagen Golf көлік жүргізушісі ВАЗ-21150 автокөлігінің алдыңғы жағын соққан. Жол-көлік апаты салдарынан Volkswagen Golf автокөлігінде болған 21 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қайтыс болып, осы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды" - делінген хабарламада.


Тергеу шараларын жүргізу барысында аталған көліктің 30 жастағы жүргізушісі Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқанға дейін Mercedes Benz 124 автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқаннан кейін Auid 100 автокөлігімен соқтығысқан, ал бұл машина инерция бойынша жақын маңдағы Mercedes Benz 124 машинасын соққан.

Аталған көліктердің барлығы тұраққа қойылды, көлік салондарында жүргізушілер де, жолаушылар да болған жоқ. Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.