Жамбыл облысында 40 жастағы тұрғынның көлігінен 300 келіге жуық кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Патруль полиция батальонының қызметкерлері Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел тас жолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан «Toyota Runner» автокөлігін ұстады. Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана табылып, тәркіленді» делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.