Фото: ҚТЖ
Шығыс Қазақстан облысында екі әйелді пойыз қағып кетіп, салдарынан біреуі қаза тапты, деп хабарлады Ult.kz.
Қайғылы жағдай 22 тамыз күні таңертең Коршунова – Өскемен-1 аралығында болған.
«Пойыз машинисі теміржолға шығып кеткен әйелдерді көрген бойда шұғыл тежеуді қолданғанмен, пойызды тоқтату мүмкін болмады. Оқиға салдарынан бір әйел оқиға орнында жан тапсырып, екіншісі ауруханаға жеткізілді», - делінген ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және зардап шеккен адамның тез сауығып кетуін тілейді. Компания азаматтарды теміржол маңында жүру ережелерін қатаң сақтап, барынша мұқият әрі сақ болуға шақырады.
