20 мам, 2021 сағат 19:12

ШҚО-да карантин талаптарын сақтамайтындар әлі де анықталуда


Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзудың 8 фактісі тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде. 

«19 мамыр күні Семей қаласында 138 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 5 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды. 87 510 теңге сомасында 2 хаттама толтырылды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Риддерде тексеру барысында 77 нысан қамтылды. Шектеу шараларын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ал Алтай ауданында 137 нысан тексеріліп, 2 бұзушылық анықталды. Бұдан бөлек, Үржар ауданында карантин талабын бұзған 1 адам тіркелді.