17 қар, 2022 сағат 09:04

ШҚО-да ер адам он екі жастағы қызды зорлап кеткен


Шығыс Қазақстан облысында 12 жастағы қызды зорлады деген дерек бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

12 қарашада Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында болды делінген оқиғаны осы елді мекеннің тұрғындары хабарлаған. Олар "НеМолчиKZ" қоғамдық қорына хат жазған. Хаттан қыз ішімдікке салынған әкесімен бірге тұратыны, ал анасы қайтыс болғаны анықталды.

"Қыз әкесімен тұрады. Әкесі үнемі мас, үйіне неше түрлі еркектерді алып келеді, ешкім тексермейді. Қамқоршылық органдары мен әкімдік хабардар, бірақ ештеңе істемейді. Қыз өте ақылды, тәрбиелі. Оны үш күн бұрын осы отбасыға көмектескенсіп жүретін 30 жастағы ер адам зорлап кеткен. Енді түк болмағандай бостандықта жүр. Баланың өмірін құртты", - деп жазады ауыл тұрғындары.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл оқиғаны ауыл түгел біледі, оның ішінде мектеп мұғалімдері мен полиция қызметкерлері де бар.

"Қызды Алматыға жібергісі келеді, оқиға туралы ешкім ештеңе білмегенін қалайды, өйткені жоғары жақтан ешкім бұған жауапты болғысы келмейді. Осы хабарды таратуға, жариялауға көмектесулеріңізді сұраймыз. Педофил өз ісіне жауап берсін, өйткені, ол бір күні тағы біреуді зорлайды", - дейді Тұғыл ауылының тұрғындары.

Сондай-ақ, олар зардап шеккен қыздың әкесі қызының жәрдемақысына өмір сүріп жатқанын, ауыл тұрғындарының көбі отбасына азық-түлікпен көмектесіп жүретінін айтады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Биыл 12 қарашада Тарбағатай аудандық полиция бөлімі соталды тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деп түсіндірді ШҚО ДП баспасөз қызметі.