17 шіл, 2020 сағат 11:58

ШҚО-да 42 жастағы азамат Қытайда шығарылған дәрілерді лицензиясыз сатып келген

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ШҚО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерімен бірге сертификатталмаған дәрілерді сату фактісін анықтады.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласындағы сауда үйлерінің бірінде өкілетті органдарда тіркеусіз заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды. Атап айтқанда, 42 жастағы облыс орталығының тұрғыны Қытайда шығарылған дәрілік заттарды сату бойынша лицензиясыз қызметті жүзеге асырған.

Сауда орнын тексеру барысында Қазақстан Республикасында рұқсат құжаттарынсыз сатылымға шығарылған 48 түрлі вирусқа қарсы дәрілік заттар мен антибиотиктер заңсыз айналымнан алынды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1 б. (заңсыз кәсiпкерлiк) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.