05 сәу, 2021 сағат 10:01

Шетелден ПТР анықтамасы жоқ 22 қазақстандық келді

2021 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан аумағына 39 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

5 101 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 079 адам, анықтамасыз 22 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 030 жолаушы, анықтамамен - 3 013, анықтамасыз - 17; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1115 жолаушы, анықтамамен - 1112, анықтамасыз - 3;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 517 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 136, анықтамасыз - 2.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.