09 сәу, 2021 сағат 09:56

Шетелден 21 қазақстандық ПТР анықтамасыз ұшып келді

8 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына 28 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

4409 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4394 адам, анықтамасыз 15 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2429 жолаушы, анықтамамен - 2423, анықтамасыз - 6; 
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1230 жолаушы, анықтамамен - 1221, анықтамасыз - 9;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 142 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 117 жолаушы анықтамамен келген;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.