24 мау, 2019 сағат 20:36

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті жиыны өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Отырысты ашқан М.Тәжин елімізді жаңғыртудың стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті кадр даярлаудың маңыздылығын айтты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 134 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.