Фото: Видеодан скрин
Бүгін Парламент Мәжілісінде
тілшілер Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс
қозғалғаны туралы ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады, деп
хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
— Жалпы, бұл жөнінде ресми сауал жіберіңіздер. Жалпы айтайын, Қаржаубайға қатысты қазір қылмыстық іс жоқ, — деді Ержан Саденов.
Еске салсақ, жақында Бас
прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін
журналистердің сұрағына берген жауабында Шерзат ісіне байланысты соттың қалай
өткені туралы пайымын айтты.
Биыл 3 маусымда сот отырысының
жарыссөз кезеңінде сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев өз ойын айтты. Ол соңғы сөзінде
Шерзат Полаттың өліміне Қаржаубай Нұрымовты күдікті деп тануды өтінді.
5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.