27 нау, 2018 сағат 13:46

Шенеунік Кемероводағы қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп кешірім сұрады (Видео)

Кемерово облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев "Зимняя вишня" сауда орталығында болған қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, Кемерово орталық алаңында әлі де жаппай митинг жалғасып жатыр. "Кемеровода митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етуде. Жиналғандардың ішінде "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары", - деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері.

"Осы қайғылы оқиғаға кінәлі барлық адамның жазаланатынын мәлімдеймін. Осы жағдайға тап болған адамдардан кешірім сұраймын. Олардың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұраймын", - деді Цивилев митингте.

Видео Telegram мессенджерінде пайда болды.