Бір ай бұрын тұрғындар аралдан тауып алған итбалық төлі толық емделгеннен кейін теңізге жіберілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлады.
29 наурызда Баутино кентінің тұрғындары қауқарсыз қалған итбалық төлін тауып алған болатын. Аралда екі күн бойы қараусыз жатып қалған жаунардың салмағы 4 келіден сәл ғана артық болып шығады. Қалыпты жағдайда олардың салмағы 10-12 келінің арасында болуы керек. Тұрғындардың дабылына Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары мен ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті дивизионының мамандары құлақ асып, «Қалқан» моторлы қайығымен құтқару операциясына шыққан еді.

Құтқарылған итбалық төлі Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында бір ай бойы күтімде болып, қайтадан теңізген жіберілді.
Шекара қызметі департаментінің мамандары «Бекіре» операциясы шеңберінде тек бір тәулік ішінде браконьер ауынан 6 итбалық пен көп мөлшердегі бекіре тұқымдас балық құтқарылғанын айтады.
«Браконьерлер итбалықтарды қара базарда сату үшін ұстайды.
