27 қар, 2019 сағат 12:36

Шекарадан заңсыз алып өтпек болған 76 бас ірі қара мал қайтарылды

Ұсталған азаматтар жүктерімен бірге Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды, – деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш шекара жасағының «Қапланбек» өткізу пунктінің шекара наряды екі «Камаз» автокөлігімен Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына кетіп бара жатқан ҚР екі азаматын ұстады.

 

«Ұсталған азаматтардың автокөліктерін тексеру барысында жеке нөмірлері сәйкес келмейтін 76 бас ірі қара малын (сиыр), 40 бас қой малын алып бара жатқандары анықталды» делінген ақпаратта.

Ұсталған азаматтар жүктерімен бірге Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды.