Қостанайда шекарадан заңсыз медициналық маска алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылдың 1 мамырында Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің департаменті «Қайрақ» автомобиль пунктінде 1 млн астам медициналық масканы заңсыз алып өтпек болған жүк көлігін ұстады.
Тәркіленген маскалардың сомасы шамамен 118 млн теңгені құрап отыр. Күдіктілер жеке қорғаныс құралын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған.