04 қаз, 2022 сағат 09:06

Шекара әрқашан ашық - СІМ этникалық қазақтар туралы


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарихи Отанына оралғысы келетін этникалық қазақтар үшін еліміздің шекарасы мен есігі әрқашан ашық екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтан тарихи Отанына қайтқысы келетін Ресей қазақтарына министрлік тарапынан көмек көрсетіле ме деген сұрақ қойылды.

"Көшіру мәселесіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ шетелде тұратын барлық бауырларымызды Қазақстанға көшуге шақырғанын білесіздер, оларға барлық жағдай жасалған. Қазақстан Республикасының шекарасы мен есігі олар үшін әрқашан ашық", - деді брифингте Смадияров