04 мау, 2021 сағат 19:22

Шарындағы оқиға: Алматыда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған курс ұйымдастырылады


Шарын шатқалы мен Ресейдің Қазан қаласында болған қайғылы оқиғалардан кейін Алматы мұғалімдеріне біліктілігін арттыруға арналған курс ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазан мен Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан кейін бұл өте өзекті мәселе болып тұр. Әсіресе, бізге, мұғалімдерге, басшыларға, барлық мектеп қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына балалардың мінез-құлық қауіпсіздігі ережелері бойынша курстардан өту керектігін көрсетті. Қазіргі уақытта білім басқармасы мен қалалық әкімдік бірқатар шаралар кешенін, оның ішінде мектеп басшылары мен мұғалімдеріне арналған курстарды бекітті», - деді Ләззат Жылқыбаева. 

Оның айтуынша, мектеп психологтерінің біліктілігін арттыру мәселесі қосымша қарастырылуда. 

«Қаладағы 207 мектепте 360 психолог жұмыс істейді. Соңғы уақытта мектеп психологтері үшін арнайы курстар ұйымдастырылмаған еді. Яғни, психологтерге, мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне қосымша оқыту курстары ұйымдастырылады», - деді Ләззат Жылқыбаева. 

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. 

11 мамырда Ресейдің Қазан қаласында мектепте атыс болды. Оқиға салдарынан 9 адам қайтыс болып, бірнеше адам жарақат алды.