Алматыда шамамен 200 "Алтын белгі" иегері гранттарынан айырылып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Талапкерлердің ата-аналарының айтуынша, бір топ талапкер ақысыз оқуға түскендер тізімінде болса да, сертификатын ала алмай жүр. Сондықтан олар10 күннен бері қабылдау комиссиясына барып жүр. Бірақ сертификат даулағандарға жауап беріп жатқан ешкім жоқ.
"10 тамыз күнгі тізім бойынша Асфендияровта болдық. 14 тамыздағы тізімде Казгуде болдық. Енді не Казгуде, не Асфендияровта жоқпыз", - дейді талапкер Әлия Сәлменова.
Телеарнаның мәліметінше, сертификат дауымен жүргендердің барлығы - "Алтын белгі" иегерлері. Бәрі де ҰБТ кезінде өз білімдерін дәлелдеп, 100-ден аса балл алған.
"Бүкіл сертификатты алып келгенбіз. Бүгіннен бастап жұмыс істегенбіз. Бірақ кейін сертификатты қайта алып қойды. Сертификат береді - біз жұмыс істейміз. Сертификат болмаса - біз жұмыс істей алмаймыз", - деді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры Қазбек Төлебаев.
Білім министрлігіндегілер өз кезегінде білім грантын алған талапкерлердің барлығы ЖОО-ларда оқитынын айтты. (Дереккөз: КТК).
Биылғы ілім гранты иегерлерінің толық тізімі 2017жылдың 10 тамызында жарияланған болатын.
Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша - 300 грант), 2850 орын - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.