Фото: pixabay
Құтқарушылар Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейін 22 кеншінің денесін тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.
Жұмыстар екі өндіру учаскесі ауданында жүргізіліп жатыр. Көрінетін жану ошақтары жоқ.
Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі байқалады.
Қазіргі уақытта 22 адамның денесі табылды, 24 кенші іздестіріліп жатыр» - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары ашылды.