Қарағанды облысы Шахан кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 3 жасар сәби құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 21 мамырда Шахан кентінде болды. 2018 жылы туған қыз бала ауыр халде медициналық мекемеге жатқызылды.
Биылдың өзінде бұл 1 жастан 8 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлауының 7 оқиғасы.
Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналардан кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Сондай-ақ, келесі қауіпсіздік нұсқауларын назарда ұстауды ұсынады:
Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.
Москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.
Терезелерге баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына жол бермейтін арнайы қысқыштарды орнатыңыз.
Терезелердің қауіптілігі туралы балалармен сөйлесіңіз.
Мүмкіншілік болса арнайы құрылғылар орнатып, қалам терезелердің тұтқаларын алыптастап, тек қажетті жағдайда ғана пайдаланған жөн.
