06 қар, 2021 сағат 20:09

Сьерра-Леонедегі жанармай таситын көлік жарылысы: қаза тапқандар саны 100-ден асты


Сьерра-Леоне астанасы Фритаун қаласында жанармай тасымалдайтын көлік жарылысы салдарынан қаза тапқандар саны 100-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қаладағы мәйітханаға да осы уақытқа дейін 95 мәйіт жеткізілген. 

Елдің денсаулық сақтау вице-министрі бұған дейін Reuters агенттігіне оқиға салдарынан 100-ден астам адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлім еткен.

Жарылыс сенбі күні, таңертеңгі уақытта жанармай таситын көлік апатқа ұшырағаннан кейін болды. Төгілген жанар-жағармайды жинауға тырысқан жұрт оның айналасына жиналған. Сол кезде отқа оранған көлік жарылған.

Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.