29 қаң, 2020 сағат 13:50

Серік Күдебаев жаңа қызметке тағайындалды

Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Алматы облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалды. Полиция генерал-майоры Ұрымханов Мұрат Жәлелұлы кадр резервіне алынды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

С.М.Күдебаев 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.