Сейсенбі күні АҚШ сенатында Дональд Трампқа импичмент жариялау бойынша сот процесін жалғастыру мәселесі дауысқа салынды. Сенаторлардың басым бөлігі (55-і - қолдап, 45-і қарсы дауыс берген) процесті бастауды қолдаса да, республикашылдардың көбі бұрынғы президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға қарсы болған. Дауыс беру нәтижесі Трампты "тәртіпсіздікке итермеледі" деп айыптаған демократтардың ұсынысы сенатта қолдау таппайтынын айқын көрсетті.
26 қаңтарда республикашыл сенатор Рэнд Пол бұрынғы президентке импичмент жариялау идеясы Конституцияға қайшы деді.
Сенат бұрынғы президентті айыпты етіп тануы үшін конгрестің жоғары палатасы мүшелерінің үштен екісінің дауысы керек. Яғни, импичментке сенатор-демократтардың барлығы және 17 сенатор-республикашыл дауыс беруі тиіс.
Сенатор-республикашылдардың көбі Трамптың Капитолийдегі шабуылмен қатысы бар әрекетін сынағанмен тек кейбірі ғана оны кінәлауға дайын екенін көрсеткен.
26 қаңтарда сенаторлар сот алқасы мүшелері ретінде ант берді. Процестің өзі 8 ақпанда басталады.