Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Жоғарғы соттың судьяларын сайлау мәселесі қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста Жоғарғы сот кеңесінің ұсынымы негізінде Жоғарғы сот судьясы лауазымына Нұрғазы Әбдікановты, Марғұлан Бектұрғановты және Шолпан Даниярованы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы қаралды.
Комитет отырысында Жоғарғы соттың судьясы лауазымына кандидаттарды Палата қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.