18 жел, 2025 сағат 16:22

Сенат ЛГБТ насихатын шектеуге қатысты заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Парламенті Сенаты архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Еңбек кодексіне және қолданыстағы 12 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, құжатта балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға қатысты нормалар қамтылған.

Заң жобасына сәйкес, педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері мен онлайн платформалар арқылы таратуға шектеу қою ұсынылады.