Фото: ашық дереккөз
Енді жеке күзет қызметінде тіркелген қару-жарақ иесінің емес, мемлекеттің қадағалауында болады.
Рұқсат мерзімі аяқталған жағдайда қару мен оқ-дәрі 10 жұмыс күні ішінде құзырлы органға тапсырылуы тиіс. Талап орындалмаса, азамат қару ұстау құқығынан айырылады және қайтадан рұқсат берілмейді.
Қазір ішкі істер органдарында 4,5 мыңға жуық жеке күзет ұйымы тіркелген. Күзетшілер саны 97 мыңнан асады.
