29 мау, 2017 сағат 11:47

Сенат Есеп комитетінің мүшесін қызметінен босатты

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Александр Горяиновтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Александр Викторович ҚР Парламенті Сенатының тағайындауымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметін атқарып келеді. Есеп комитетінің төрағасы комитет мүшесі Александр Горяиновтың өкілеттігін өзінің өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді. Сенат бюросының шешіміне сәйкес, Қаржы және бюджет комитеті бұл мәселені алдын ала талқылап, қорытынды әзірледі», - деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылаудан кейін сенаторлар А. Горяиновтың өкілеттігі тоқтату туралы шешімді қабылдады.

Оның орнына Есеп комитетінің мүшелігіне жаңа кандидатура ұсынылды. 

«Конституциялық нормаларға сәйкес, Есеп комитеті мүшесінің қызметіне Рашит Сайранұлы Ахметовтің кандидатурасын ұсындым. Кандидатура Қаржы және бюджет комитетінің отырысында талқыланды», - деді Қ. Тоқаев жалпы отырыс барысында.

Талқылау нәтижесі бойынша сенаторлар ұсынылған кандидатураны қолдады.