© Photo: Рixabay / crocodelicacy
Семейдегі мектеп-интернатта түскі ас кезінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға 7 сәуір күні болған.
Абай облысының білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын айтты.
"2010 жылы туған кәмелетке толмаған оқушы түскі ас кезінде есін жоғалтқан. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Интернатқа ол Семей қаласының 2016 жылғы 13 қаңтардағы "жеңіл ақыл-ой кемістігі" диагнозымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде қабылданды", - деп облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Ресми мәлімет бойынша, бала дүйсенбіден жұмаға дейін арнайы мектеп-интернатта тұрып, білім алған, демалыс күндері ата-анасы оны үйіне алып кететін болған.
Медициналық тексерудің қорытындысымен тыныс алу жолдарының тамақ массаларымен жабылуына байланысты механикалық асфиксия анықталған.
Полиция соталды тергеуді бастады.